Жаңалықтар
Әуезов даңғылы жаңартылып жатыр–Өскемен

Өскеменде Әуезов даңғылын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Жоба аясында бірнеше тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылып, балкондар бірыңғай үлгіге келтіріліп жатыр.
Қазіргі уақытта даңғыл бойында тротуар плиталарын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімдігінің мәліметінше, негізгі жұмыстардың басым бөлігі Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштен Крылов көшесіне дейінгі аумақта атқарылған.
Тротуарды жаңарту жұмыстары 1 тамызға дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Прогресс» дүкені маңына гүл егілген сәндік вазондар орнатылып, көшенің көркін аша түсті.



