Жаңалықтар
«Жасыл ел» жастарының жалақысы қанша?

Өңірде «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталды. Биыл жоба аясында 1500 адамды маусымдық жұмысқа тарту жоспарланып отыр.
Жобаға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Олар жаз бойы елді мекендерді абаттандыру, ағаш отырғызу және аумақтарды тазалау жұмыстарына атсалысады.
Жастар ресурстық орталығының мәліметінше, қатысушыларға ұйым тарапынан 35 мың теңге, ал жергілікті атқарушы органдар тарапынан 85 мың теңге төленеді. Осылайша, жастардың жалпы жалақысы 120 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін сақтау мақсатында қатысушылар арнайы жұмыс киімімен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта жастарға аяқ киім, шалбар және арнайы киімдер беріліп жатыр.



