Жаңалықтар
Өскеменде экологиялық акция өтті

Этноауыл аумағында «Таза Қазақстан – таза орта» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Шараға Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары, «Ақ жол» партиясының мүшелері, қала тұрғындары мен белсенді жастар жиналды.
– Шараның басты мақсаты – қаланың тазалығын сақтау және белсенді жастарды бір ортаға біріктіру, – деді Жастар ресурстық орталығының қызметкері Нұрзат Сембаева.



