Жаңалықтар
Катонқарағайға қандай дәрігерлер керек?

Катонқарағай ауданында медицина мамандарының тапшылығы біртіндеп азайып келеді. Өткен жылы ауданға 8 дәрігер жұмысқа орналасты.
Жаңа мамандардың қатарында хирург, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, акушер-гинеколог, офтальмолог және анестезиолог-реаниматолог бар. Олардың барлығы тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
Дегенмен ауданда әлі де УДЗ дәрігері, стоматолог, хирург және психиатр-нарколог жетіспейді. Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, хирург маман осы маусымда Семейден келуі мүмкін.
Қазіргі таңда аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін жаңа мамандарды тарту жұмыстары жалғасып жатыр.



