ЖОО-ға құжат тапсыру қашан басталады?

20 маусымнан бастап еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында құжат қабылдау басталады.
ҰБТ тапсырып, грантқа қатыспайтын талапкерлер осы күннен бастап өздері таңдаған университетке ақылы бөлімге құжат тапсыра алады.
Ал мемлекеттік білім грантына үміткерлердің өтініштері 13-20 шілде аралығында қабылданады. Өтінішті кез келген жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы, сондай-ақ eGov порталы мен виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн тапсыруға болады.
Биыл шекті балл өзгерген жоқ. Ұлттық университеттерге түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына 50 балл жинау қажет. Кейбір мамандықтарға қойылатын талап жоғары.
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.



