Жаңалықтар
Танысын қорқытып, 2,5 млн теңге алған—ШҚО

Шемонаиха қаласында бопсалау күдігімен жергілікті тұрғын ұсталды.
Полицияның мәліметінше, 39 жастағы ер адам 2023 жылдан бері танысын қорқытып, одан ақша талап етіп келген. Салдарынан жәбірленуші шамамен 2,5 миллион теңге көлемінде шығынға ұшыраған.
Тергеу барысында күдіктінің танысынан Volkswagen Passat көлігін сатуды талап еткені анықталды. Кейін мәміле жүзеге аспаған соң, одан 1 миллион теңге сұраған.Заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленуші ірі көлемдегі қаражат пен мүлкінен айырылған.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.



