Жаңалықтар
«Самал» саябағында не өзгереді?

«Самал» саябағында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімі Алмат Ақышов саябақтағы жаңарту жұмыстарымен таныста.
Мұнда баскетбол алаңының орны дайындалып, футбол алаңы толық жаңартылмақ. Жағажай аумағында судан қорғайтын арнайы құрылғы орнатылып, жағалау бойы тазартылып, құм төселеді.
Саябақта үлкен ойын алаңы салынып, демалыс пен спорт аймақтарын байланыстыратын кең жаяу жүргінші жолы жасалады. Оның бойына сауда нүктелері де қойылады.
Сонымен қатар веложол мен хоккей алаңы жөнделіп жатыр. Жарық шамдары мен душ кабиналары да қалпына келтіріледі.
Жоба аяқталғаннан кейін «Самал» саябағы қала тұрғындары үшін заманауи әрі жайлы демалыс орнына айналады.



