Жаңалықтар
Ерлік елеусіз қалмайды: «Ізгі жүрекке» дауыс беріңіз

Облыста «Ізгі жүрек» сыйлығына үміткерлерге онлайн дауыс беру басталды. Бұл марапат өз өмірін қатерге тігіп, өзгелерге көмек көрсеткен батыл азаматтарға беріледі.
Биыл сыйлыққа 7 адам ұсынылған. Өңір тұрғындары 22 маусым мен 5 шілде аралығында izgi-jurek.kz сайты арқылы өз таңдауларын жасай алады.
«Ізгі жүрек» сыйлығын «Казцинк» компаниясы 2018 жылдан бері өткізіп келеді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, 17 шілдеде Металлург күні қарсаңында оларға 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады. Егер ерлік әрекетті бірнеше адам бірге жасаған болса, сыйақы тең бөлінеді.



