Жаңалықтар

Колледждерге құжат қабылдау қашан басталады?

2026–2027 оқу жылына арналған колледждерге құжат қабылдау 25 маусымда басталады.

Биыл техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 140 мың орын бөлінген.

Талапкерлер құжаттарын Egov.kz порталы арқылы онлайн немесе колледжге барып электронды түрде тапсыра алады.

Жұмысшы мамандықтарына құжат қабылдау 27 тамызға дейін, орта буын мамандықтарына 22 тамызға дейін жалғасады. Ал шығармашылық мамандықтарға түсушілер құжаттарын 20 шілдеге дейін, педагогикалық бағыттарға 10 тамызға дейін өткізуі тиіс.

Медициналық мамандықтарға құжат қабылдау талапкердің білім деңгейіне байланысты 10 немесе 15 тамызға дейін жүргізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button