Жаңалықтар

105 адам екпеден бас тартты–ШҚО

Облыста жыл басынан бері 105 адам профилактикалық екпелерден бас тартты.

– Тіркелген жағдайлардың 97-сі жеке себептерге байланысты болса, 5 адам вакцинаға сенімсіздік танытқан. Ал 3 жағдай бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жағымсыз ақпараттың әсерінен болған, – деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.

Екпеден бас тарту көбіне Өскеменде тіркелген(80жағдай). Сондай-ақ Глубокое, Алтай және Зайсан аудандарында да мұндай жағдайлар бар. Әсіресе ата-аналардың балаларға салынатын екпелерден бас тартуы жиі кездеседі.

– Вакцинацияның арқасында дифтерия, қызылша, көкжөтел, полиомиелит және басқа да жұқпалы аурулардың таралуы айтарлықтай төмендеді. Биыл өңірде вакцина алғаннан кейін оның кері әсеріне қатысты бірде-бір жағдай тіркелген жоқ, – деді ведомство өкілдері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button