10 тәртіп сақшысы баспаналы болды-ШҚО

Бүгін Қазақстан Полициясы күніне орай облыста салтанатты шара өтті. Мерекеде жоғары нәтиже көрсеткен қызметкерлер марапатталып, 10 адамға пәтер кілті табысталды.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегін атап өтті.
—Қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында полиция қызметі әрқашан ең жауапты да абыройлы қызмет болып қала береді. Ол – жоғары кәсібилікті, батылдық пен қайсарлықты ғана емес, заңға, әділдік пен өз халқына деген шексіз адалдықты талап етеді,-деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, бүгінде өңірде қоғамдық қауіпсіздікті күшейту үшін заманауи технологиялар кеңінен қолданылып келеді. Облыс бойынша 58 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Жыл басынан бері олардың көмегімен 80 қылмыс ашылып, 9 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған.



