Жаңалықтар

Өскеменде жарылыс жұмыстары жүргізіледі

Жібек маталар комбинаты(КШТ) шағын ауданында салынып жатқан 300 орындық көпсалалы аурухана аумағында ертең жоспарлы жарылыс жұмыстары өтеді.

Мердігер ұйымның мәліметінше, жұмыстар сағат 14:00-де басталып, төтенше жағдайлар туындамаған жағдайда шамамен бір сағатқа созылады.

Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында жақын маңдағы тұрғындарға алдын ала хабарландыру жасалды. Сонымен қатар жарылыс алдында тұрғын үйлер маңында арнайы қызметкерлер кезекшілік етіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button