Жаңалықтар

Риддерде 5 ірі туристік жоба қолға алынды

Риддерде туризм саласын дамыту мақсатында бес ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Думан Рахметқалиев мәлімдеді.

Бірінші жоба – Ridder Resort Hotel қонақүйін жаңғырту. Қонақүй толық жөндеуден өтіп, туристерге қолайлы жағдай жасалады.

Екінші жоба – Cabana de Poperechnoe демалыс аймағын салу. Мұнда демалушыларға арналған жаңа нысандар бой көтеріп, келушілерге сапалы қызмет көрсетіледі.

Үшінші жоба – Altay Kompas компаниясы жүзеге асырып жатқан туристік кешен мен туристерге ақпарат беретін орталықтың құрылысы. Бұл орталық өңірге келген қонақтарға бағыт-бағдар беріп, туристік қызметтердің қолжетімділігін арттырмақ.

Төртінші жоба – «Скай Тау Риддер» тау шаңғысы кешенін жаңарту. Жоба аясында қонақүй ғимараты жөнделіп, кейін жаңа аспалы жол салынады. Сонымен қатар премиум санаттағы туристік нысандарды салу жоспарланған.

Бесінші жоба – мотокросс, эндуро, багги және квадроциклдерге арналған арнайы трассалар салу. Бұл белсенді демалыс түрлерін ұнататын туристерді тартуға мүмкіндік береді.

Қала әкімінің айтуынша, жобалар толық іске асқаннан кейін Риддердің туристік әлеуеті айтарлықтай артады. Орналастыру орындарының саны 60-қа дейін көбейіп, қалаға келетін туристер легі ұлғаяды деп күтіліп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button