Жаңалықтар

Марихуанна мен миллион:Өскеменде есірткі сатушы ұсталды

Есірткі сатумен айналысты деген күдікке ілінген ер адам қылмыс үстінде қолға түсті.

Полицейлердің мәліметінше, «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде есірткіні заңсыз сату туралы ақпарат түскен.
Тәртіп сақшылары күдіктімен байланысқа шығып, есірткі сатып алу жөнінде келісім жасаған.

Тыйым салынған затты беру сәтінде күдікті ұсталды. Ол Өскеменнің 49 жастағы тұрғыны болып шықты.

Кейін оның үйін тінту барысында полицейлер бірнеше пакетке салынған ірі көлемдегі есірткі заттарын тапқан. Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген заттың марихуана екені анықталды. Оның жалпы салмағы 2,8 келіден асқан.

Сонымен қатар күдіктінің үйінен бір миллион теңгеден астам қолма-қол ақша тәркіленді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button