Жаңалықтар

Тау, техника, тартыс: Халықаралық мотожарыс қалай өтті?

Риддерде халықаралық RIDDER EXTREME ENDURO мотоспорт фестивалі өтті. Ауқымды шараға Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген спортшылар, мотоспорт жанкүйерлері мен қонақтар қатысты.

Фестиваль аясында Республика алаңында кәсіби райдерлердің әсерлі көрсетілімдері ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Үш күнге созылған шара барысында қатысушылар Алтайдың таулы аймақтарындағы күрделі жарыс жолдарында бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Сонымен қатар фестиваль бағдарламасы аясында түрлі спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды.

RIDDER EXTREME ENDURO фестивалі туризмді дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және Риддердің халықаралық деңгейдегі экстремалды туризм орталығы ретіндегі әлеуетін танытуға бағытталған маңызды жоба ретінде ұсынылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button