Жаңалықтар
Өскемен маңында ең мықты балықшылар анықталады

4 шілде күні Белоусовка кенті маңындағы су қоймасында балық аулаудан облыстық чемпионат өтеді.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа қатысу үшін 2 шілдеге дейін WhatsApp арқылы 8-705-900-43-50 нөміріне өтінім беру қажет.
Жарыс командалық есепте өтеді. Әр командада 3 балықшы болады.
Чемпионатқа қатысу-15 мың теңге. Бұл қаражат су айдынын жалға алуға және жарысты ұйымдастыруға жұмсалады.



