Жаңалықтар

Өскемен тұрғыны жол апатынан көз жұмды

Қайғылы оқиға 28 маусым күні Ұлан ауданында болды.

Алғабас ауылынан Тарғын ауылына қарай мотоциклмен келе жатқан Өскеменнің 50 жастағы тұрғыны көлікті басқара алмай, аударылып қалған.

Өкінішке орай, ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Полиция департаментінің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button