Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскеменде бұршақ аралас жаңбыр жауады

30 маусымға облыс бойынша дауылды ескерту жарияланды.
Синоптиктердің мәліметінше, түнде өңірдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр күшейіп, облыстың солтүстігі мен шығысында бұршақ жаууы ықтимал.
Соған қарамастан, далада аптап ыстық сақталады. Ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтеріледі.
Өскеменде күндіз жаңбыр мен найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Ауа райы күрт құбылатындықтан, тұрғындарға сақ болуға кеңес беріледі.



