Жаңалықтар
ШҚО-да кәсіпорын ғимаратының шатыры өртеніп кетті

Бүгін таңертең Глубокое ауылында орналасқан кәсіпорын ғимаратынан өрт шықты.
Алдын ала мәлімет бойынша, ғимараттың шатыры жанған. Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қою түтінге қарамастан өртті жедел ауыздықтап, 600 шаршы метр аумақта толық сөндірді.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.



