Жаңалықтар

Бұқтырмада жоғалып кеткен екі әйел табылды

Сарыбел ауылының маңында орналасқан Бұқтырма су қоймасында үрлемелі қайықпен шыққан екі әйел ұзақ уақыт бойы жағаға оралмаған.

Олардың бірінің жұбайы 112 қызметіне хабарласып, көмек сұраған. Құтқарушылар жедел іздеу жұмыстарын жүргізіп, қайықты тауып, екі әйелді аман-есен жағаға жеткізді. Абырой болғанда, оларға медициналық көмек қажет болмады.

Мамандар суға шығар алдында ауа райын ескеріп, жағалаудан алысқа кетпеуге және міндетті түрде құтқару кеудешесін киюге кеңес береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button