Жаңалықтар
ШҚО республикалық жарыста үздік атанды!

28–30 маусым аралығында Астанада Қазақстан Республикасы халқының Президенттік дене шынықтыру даярлығы сынақтары өтті.
Жарысқа еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың командалары қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 11 жас санаты бойынша бақ сынап, спорттың 4 түрінен өз шеберліктерін көрсетті.
Нәтижесінде облыстық құрама 17 команданың ішінен оза шауып, жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды.



