Жаңалықтар
Өскеменде тағы екі көше жөнделіп жатыр

Назарбаев даңғылы мен Гагарин бульварында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Қазір Назарбаев даңғылында ескі асфальт алынып, жол кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр.
—Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жөнделіп жатқан учаскелерге уақытша жол белгілері орнатылды. Жұмысты күн сайын 10 адамнан тұратын екі мамандандырылған бригада жүргізіп жатыр, -деп хабарлады Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдері.
Айта кетейік, жөнделетін жолдың жалпы аумағы – 24 мың шаршы метр. Бүгінге дейін 11 мың шаршы метрге жуық ескі асфальт жабыны алынып тасталды.



