Арзан пәтерге қызықсаңыз…

Соңғы уақытта интернетте жалға берілетін пәтерлерге қатысты жалған хабарландырулар көбейіп кетті. Алаяқтар арзан бағаға әдемі пәтердің суреттерін жариялап, тұрғындарды алдын ала ақша аударуға көндіреді.
Көбіне олар «сұраныс өте көп», «пәтерді сізге сақтап қою үшін ақша жіберіңіз» немесе «бронь жасау қажет» деп сендіреді. Кейбірі өзін риелтор ретінде таныстырып, пәтерді көрсетпей тұрып-ақ қызмет ақысын сұрайды.
Бірақ ақша қолына тиген соң, алаяқтар байланысын үзіп, хабарландыруды өшіріп тастайды.
Мұндай алаяқтықтан қалай сақтануға болады?
-Пәтерді өз көзіңізбен көрмей тұрып алдын ала ақша аудармаңыз.
-Пәтер иесінің жеке басын және құжаттарын міндетті түрде тексеріңіз.
-Бағасы нарықтағыдан әлдеқайда арзан болса, сақ болған жөн.
-Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және жеке мәліметтеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз.
Егер алаяқтардың құрбаны болсаңыз, уақыт жоғалтпай банкке хабарласып, төлемді бұғаттауға тырысыңыз және бірден полицияға арыз беріңіз. Сақтық таныту– қаржыңызды жоғалтпаудың ең тиімді жолы.



