Жаңалықтар

Өскеменде көлік өртеніп кетті

Сол жағалаудағы айналма жолдың бойында көлік өртенді.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде толық сөндірді. Өрт шамамен 4 шаршы метр аумақты шарпыған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Мамандардың айтуынша, көліктен түтін немесе күйік иісі шыға бастаса, бірден қауіпсіз жерге тоқтап, қозғалтқышты өшіріп, қажет болса 112 нөміріне хабарласу қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button