Жаңалықтар
Астана күніне орай ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Астана күніне байланысты облыста барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша жұмыс істемейді.
Егер маңызды құжаттарыңызды рәсімдеу жоспарланған болса, оны алдын ала аяқтап қойған дұрыс.
4 шілде – кезекші ХҚКО-лар ғана 09:00-13:00 аралығында жұмыс істейді.
Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер 09:00-12:00 аралығында қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
5 және 6 шілде – демалыс. Бұл күндері ХҚКО-лар қызмет көрсетпейді.
7 шілдеден бастап барлық ХҚКО мен Мамандандырылған ХҚКО әдеттегі жұмыс тәртібіне қайта оралады.



