Жаңалықтар
Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтеді

Ертең қала тұрғындары мен қонақтары Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концертті тамашалай алады.
Кеш сағат 18:00-де қаладағы «Амфитеатр» алаңында өтеді. Сахнада Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі «Күмбірле қоңыр үнді домбыра» атты концерттік бағдарламасын ұсынады.
Концертті бас дирижер, Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ырысханұлы мен дирижер, Мәдениет саласының үздігі Ержан Касымканов жүргізеді.
Сондай-ақ көрермендер Мәдениет саласының үздігі Нұргүл Қабдоллаева мен республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Хадхан Манай, Абай Қаирбек, Естай Матабаев, Ерасыл Ринатовтың өнерін тамашалай алады.
Кіру – тегін.



