Жаңалықтар

Күршімде табиғи өрт шықты

Күршім ауданы Абай ауылдық округі аумағында өрт шығып, «Күршім орман шаруашылығының» аумағына тараған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, орман шаруашылығы қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жұмылдырылды.

Қол жетуі қиын орман алқаптарына «Қазавиаорманқорғау» десанты тікұшақпен жеткізілді. Ал жерүсті техникасы бара алмайтын жерлерде өртті әуеден сөндіру жұмыстары жүргізілді. ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы өрт ошағына 41 рет су төгіп, жалпы 123 тонна су шашқан.

Мамандар желдің бағыты мен өрттің таралуын үздіксіз бақылауда ұстады. Үйлесімді атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өрттің әрі қарай жайылуына жол берілмеді.

Қазіргі таңда елді мекендерге қауіп жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button