Жаңалықтар

Бір аптада 3 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

Облыста жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері азаймай тұр. Өткен аптада полицейлер 3 мыңнан астам құқық бұзушылықты тіркеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Бір апта ішінде:

* қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 744 дерегі;
* көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефон пайдаланудың – 389 жағдайы;
* жаяу жүргіншілерге жол бермеудің – 180 фактісі;
* қарсы бағытқа шығудың – 18;
* мас күйінде көлік басқарудың – 16 дерегі анықталды.

Сонымен қатар, көлік жүргізу құқығы жоқ адамдарға қатысты 7 құқық бұзушылық тіркелген.

Полиция облыс жолдарындағы рейдтік және профилактикалық жұмыстардың жалғасатынын ескертті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button