Жаңалықтар
Ашық аспан астындағы кешті жіберіп алмаңыз!

Бүгін қала тұрғындары мен қонақтары ашық аспан астындағы ерекше музыкалық кешті тамашалай алады.
Астана күніне арналған концерт сағат 19:00-де Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының (бұрынғы ДКМ) алдында басталады.
Көрермендерді жанды музыка, көтеріңкі көңіл күй және әсем әндер күтіп тұр. Сахнада Auen Band, U.N.T.I.L. топтары мен талантты әншілер өнер көрсетеді.
Жаздың жайма шуақ кешін жақсы музыкамен өткізгіңіз келсе, концертті жіберіп алмаңыз!



