Жаңалықтар

ШҚО-да 30 отбасы баспаналы болды

Бүгін облыс орталығында баспана кезегінде тұрған 30 отбасы қоныс тойын тойлады. Оларға Есенберлин даңғылында орналасқан тұрғын үйдің кілттері табысталды.

— Бүгінде өңірде 120-ға жуық көпқабатты үй салынып жатыр. Жыл сайын облыста 3 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі. Бүгін баспаналы болған отбасыларды шын жүректен құттықтаймын! Шаңырақтарыңызға шаттық ұялап, қуаныштарыңыз еселене берсін!, — деді аймақ басшысы.

Биыл өңірде көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және өзге де әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 150-ден астам пәтер беру көзделген. Жыл басынан бері 109 жанұя қоныс тойын тойлады. Жаңа үйлерінің кілттерін алған отбасылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және облыс әкіміне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button