ДенсаулықЖаңалықтарҚылмыс

Алматы-Өскемен тасжолында жол апаты болды

Алматы – Өскемен тасжолында төрт көліктің қатысуымен жол апаты болып, бір адам көз жұмды. Оқиға 9 шілде күні Жарма ауылы маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Polo жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Кейін апатқа Toyota Windom жеңіл көлігі мен DAF жүк көлігі де қатысқан.

Жол апаты салдарынан Volkswagen Polo көлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция жүргізушілерді жолда мұқият болып, көлік тізгінінде телефон қолданбауға және назарды жолдан бөлмеуге шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button