Жаңалықтар

Ерлі-зайыпты өрттен қаза тапты-Глубокое

Глубокое ауданындағы Уварово ауылында болған өрт салдарынан егде жастағы ерлі-зайыпты көз жұмды.

Өрт жеке тұрғын үйде шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенге дейін 1948 жылы туған үй иесі сыртқа өз күшімен шыққанымен, түтінге уланып қалған. Дәрігерлер оны құтқаруға тырысқанымен, ер адам көз жұмды.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үй ішінен 1953 жылы туған әйел адамның денесін тапты.

Қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты қамтып, толық сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болған зейнеткерлер ата-анасынан айырылған екі немересін тәрбиелеп отырған. Өрт болған кезде балалар үйде болмаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button