ДенсаулықЖаңалықтар
ШҚО-да туберкулезбен ауыратындар саны азайды

Шығыс Қазақстан облысында туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеді. Мамандар ауруды ерте анықтау және алдын алу жұмыстарын күшейтіп жатыр.
Биылғы алты айдың қорытындысы бойынша өңірде туберкулезге шалдығу жағдайлары өткен жылмен салыстырғанда 12,1%-ға азайған. Сонымен қатар аурудың асқынған түрлері 26%-ға, ал қайталанған жағдайлар 21,4%-дан 20,4%-ға дейін қысқарған.
Мамандардың айтуынша, мұндай нәтижеге профилактикалық шаралардың күшеюі әсер еткен. Өңірде балалардың 97,9%-ы туберкулезге қарсы екпе алған.
Қазір дәрігерлер ауруды ерте анықтауға, науқастармен байланыста болған адамдарды тексеруге және алдын алу жұмыстарын жалғастыруға басымдық беріп отыр.



