Жаңалықтар
ШҚО спортшылары Азия чемпионатында жүлделі болды

Таиландтың Бангкок қаласында 17-23 шілде аралығында жас ерекшеліктері бойынша XII Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтың ең беделді жарыстарының біріне 33 елден 627 спортшы бақ сынауда.
Чемпионаттың алғашқы күндерінде Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, оның қатарындағы шығысқазақстандық спортшылар да жүлдеге ие болды.
Алғашқы жарыс күнінде Мансұр Айтқалиев Қазақстан құрамасы сапында 4×100 метрлік эстафетада қола медаль жеңіп алды.
Ал үшінші жарыс күні Анатолий Руденко ұлттық құрама құрамында 4×100 метрлік аралас эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізді.
Шығысқазақстандық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын айтулы жетістіктерімен құттықтаймыз!



