Басты жаңалықЖаңалықтар

Мал сатып алуға 6%-бен несие беріледі

Өңірде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мал шаруашылығын дамытуға арналған жеңілдетілген несие бағдарламаларына қатыса алады.

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асырылып жатқан «Игілік» және «Береке» бағдарламалары фермерлерге тиімді шарттармен қаржыландыру ұсынады.

Бағдарламалардың негізгі шарттары:

-несие мөлшерлемесі – жылдық 6%;
-қаржыландыру мерзімі – 7 жылға дейін;
-негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша 30 айға дейін жеңілдік кезеңі қарастырылған.

«Игілік» бағдарламасы асыл тұқымды мал сатып алуға арналған. Оның аясында фермерлер импорттық асыл тұқымды ірі және ұсақ малды, сондай-ақ отандық және шетелдік асыл тұқымды жылқы, түйе, шошқа, марал және ара ұяларын сатып алуға несие ала алады.

Ал «Береке» бағдарламасы өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлаған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бағытталған. Бағдарлама арқылы ірі көлемде импорттық асыл тұқымды ірі және ұсақ мал сатып алуға жеңілдетілген қаржы беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button