Жаңалықтар
Мектеп оқулықтарына бөлінетін қаржы қысқара ма?

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында жаңа оқу жылына арналған оқулықтарды сатып алу мәселесі.
Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасовтың айтуынша, жыл сайын оқулықтарды сатып алуға 450 млн теңге бөлінеді. Жоспар бойынша барлық оқулық тамыз айының ортасына дейін мектептерге жеткізілуі тиіс.
Алайда депутаттар жаңартылған оқу бағдарламасына арналған оқулықтарды қайта басып шығаруға қарастырылған 72 млн теңгені қысқарту туралы шешімді мақұлдады.
Бұл өзгеріс облыста салық түсімдерінің 12 млрд теңгеге азаюына байланысты бюджет шығынын оңтайландыру мақсатында қабылданған. Әзірге бұл шешімнің мектептердің жаңа оқу жылына қажетті оқулықтармен қамтамасыз етілуіне қалай әсер ететіні белгісіз.



