Жаңалықтар
ШҚО-да жұмыссыздық деңгейі – 4,6%

Өңірде еңбек нарығындағы ахуал тұрақты. Облыста халық саны 717 мың адам. Оның ішінде 381,1 мың адам экономикалық белсенді халық болса, 363,6 мыңы жұмыспен қамтылған.
Облыстағы жұмыссыздар саны 17 483 адам. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрайды.Мұндай көрсеткіш республикадағы орташа деңгейден (4,5%) сәл жоғары.
Сонымен қатар, 1 шілдедегі жағдай бойынша Электрондық еңбек биржасында 12 664 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.Ал 1 503 адам алты айдан астам уақыт жұмыссыз жүрген басым санаттағы азаматтар ретінде есепте тұр.



