Жаңалықтар
Бұқтырмада 5 млрд теңгеге жылу желілері жаңартылады

Жаңа Бұқтырма кентінде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл республикалық бюджеттен квартал ішілік жылу желілерін жаңартуға 5 млрд теңге бөлінді.
Ал 2024 жылы мұнда магистральдық жылу желілері толықтай ауыстырылып, өткен жылы пайдалануға берілген болатын.
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, облыстағы басты туристік бағыттардың бірі саналатын Бұқтырмаға келетін демалушылар үшін де қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.



