Жаңалықтар
Өскеменде ер адам көпірден секіріп кетті

Ертіс көпірінен секіріп кеткен ер адамды іздеу жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып жатыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабар 102 арнасы арқылы түскен. Алдын ала ақпарат бойынша, 1982 жылы туған ер адам көпірден секіріп, суға кеткен.
Қазіргі уақытта құтқарушылар өзенге сүңгіп іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар өзен жағалауы, иірімдер мен аралдар тексерілуде. Жету қиын аумақтарды бақылау үшін дрондар пайдаланылып жатыр.



