Жаңалықтар
Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
25 шілде күні Өскемен тұрғындары мен қала қонақтары үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңке «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында (Жібек жолы көшесі, 44) және «Дос-Нар» сауда үйінің аумағында (Виноградов көшесі, 17а) өтеді.
Сауда алаңдары сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілердің ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да азық-түлік тауарлары ұсынылады. Тұрғындар сапалы өнімді қолжетімді бағамен сатып ала алады.



