Жаңалықтар
Риддерде жаңа мектеп қашан ашылады?

Риддер қаласында 600 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталды.
Қазіргі таңда ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары, желдету жүйесін орнату және қасбетін әрлеу жалғасып жатыр. Келесі кезеңде мектепке қажетті оқу құралдары мен жабдықтар жеткізіледі.
Нысанда күн сайын 57 маман жұмыс істеп, 3 бірлік құрылыс техникасы тартылған.
Жаңа мектепте кең сыныптар, зертханалар, спорт және акт залдары, кітапхана мен асхана болады. Сонымен қатар қауіпсіздік пен барлық оқушыға қолайлы жағдай жасауға ерекше мән берілген.
Мектепті тамыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Келесі оқу жылында жаңа білім ордасы алғашқы оқушыларын қабылдайды.



