Басты жаңалықБілімЖаңалықтар

Қайтарылған қаржыға 7 әлеуметтік нысан салынды-ШҚО

Өңірде мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен 7 әлеуметтік нысан салынып, қайта жаңғыртылды.

Олардың қатарында Риддердегі жаңа көпбейінді аурухана, Алтай ауданындағы МРТ корпус, Волчанка ауылындағы дәрігерлік амбулатория және Бозанбай, Асубұлақ, Отрадное мен Большая Речка ауылдарындағы ауызсу жүйелері бар.

Нәтижесінде 3,5 мыңнан астам тұрғын таза ауызсумен қамтылып, медициналық көмектің қолжетімділігі артты.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, қалған әлеуметтік нысандардың құрылысы да тұрақты бақылауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button