ЖаңалықтарҚылмыс
ШҚО-да заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында рұқсатсыз алтын өндірген топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бір топ адам ешқандай рұқсат құжаттарынсыз алтын құрамды кен өндіріп, өңдеумен айналысқан.
Тексеру барысында олардың 30 гектар аумақта ауыр техниканы пайдаланып жұмыс істегені анықталды. Заңсыз іске 30-дан астам адам тартылған, олардың арасында Қытай азаматтары да болған.
Кен өндіру салдарынан жердің құнарлы қабаты бүлініп, жер бедері өзгеріп, өзен арнасына да зиян келген.
Тінту кезінде 6 жүк көлігі, 4 экскаватор, тиегіш және алтынды өндіруге әрі жууға арналған 2 өндірістік кешен тәркіленді.
Қазір бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.



