Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

Өскемендік семсершілер әлем чемпионатында финалға шықты

Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Гонконгта өтіп жатқан әлем чемпионатында тамаша нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жатқан өскемендік спортшылар Руслан Құрбанов пен Вадим Шарлаимов шешуші кездесулерде өз шеберлігін дәлелдеді.

Финалға дейінгі жол оңай болған жоқ. Алдымен қазақстандықтар Өзбекстан құрамасын 28:27 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Кейін Данияны 45:36 есебімен сенімді ұтып, жартылай финалда Мысыр спортшыларынан 41:32 есебімен басым түсті.

Құрама сапында өскемендік Руслан Құрбанов пен Вадим Шарлаимов, сондай-ақ Кирилл Проходов және Ерлік Сертай өнер көрсетіп жатыр.

Енді Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының алтыны үшін бақ сынайды. Финалдағы қарсылас Украина мен Израиль құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button