Жаңалықтар

«Oskemen Life» фестивалі қайта оралады

9 тамыз күні облыс орталығында кезекті Oskemen Life фестивалі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұйымдастырылатын шарада барлық жастағы келушілерге арналған қызықты бағдарламалар әзірленген.

Фестиваль аясында музыкалық концерттер, шығармашылық алаңдар мен шеберлік сабақтары, балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Сондай-ақ келушілерге түрлі тағамдар ұсынылатын фуд-аймақ жұмыс істеп, ұйымдастырушылар тарапынан тосынсыйлар мен қызықты белсенділіктер өткізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button