Жаңалықтар

«Алтай Өскемен» «Қызылжармен» тең түсті

Қазақстан Премьер-лигасының 21-ші туры аясында шығысқазақстандық «Алтай Өскемен» футбол клубы өз алаңында петропавлдық «Қызылжарды» қабылдады.

Матч тартысты әрі қызу өтті. Командалар төрт гол соғып, кездесуді 2:2 есебімен аяқтады.

«Алтай Өскемен» құрамындағы Ибрагим Дадаев пен Никола Ямбор гол соқты. Ойын барысында шығысқазақстандық команда 2:1 есебімен алға шықты. Алайда матчтың соңғы минутында қарсылас есепті теңестіріп үлгерді. Нәтижесінде — тең ойын және бір ұпай.

21-ші турдан кейін «Алтай Өскемен» осы кездесуде алған ұпаймен турнир кестесінде 16-шы орында тұр.

Айта кетейік, матчты стадионда екі мыңнан астам көрермен тамашалады. Ойын бойы шығысқазақстандық жанкүйерлер «Алтай Өскемен» ойыншыларына қолдау көрсетіп, командаға жігер берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button