Жаңалықтар

Риддерде алғаш рет «Поэзия кеші» өтті

Риддер қаласында өлеңдер сахнада емес, поэзия мен музыкаға деген сүйіспеншілік біріктірген жандардың ортасында оқылған ерекше кеш өтті.

Қала тұрғындары өздерінің сүйікті және авторлық өлеңдерін оқып, гитарамен ән шырқап, танысып, әңгіме-дүкен құрды. Алау мен жағылған шамдар кездесуге ерекше атмосфера сыйлады.

Кешке кітапханашылар, Достық орталығы мен Тілдерді оқыту орталығының өкілдері, «Риддердің орыс жазушылары мен ақындары» шығармашылық бірлестігінің ақындары, қазақ авторлары және қаланың басқа да шығармашылық қауымдастық өкілдері қатысты.

Риддерде мұндай форматтағы кездесу алғаш рет ұйымдастырылды. Көпшілік поэзия кештерін қаланың игі дәстүріне айналдыруды ұсынды.

Ал ұйымдастырушылар жаңа өлеңдер, музыка және айтары бар адамдардың басын қосатын осындай кездесулерді жалғастыруға уәде берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button