Жаңалықтар
ЖОО-да оқу қысқара ма? Министр жауап берді

Жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкіметтегі брифингте айтты.
—Кейбір мамандықтарда төрт жыл оқу ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан жоғары колледждермен бірге қысқартылған оқу бағдарламасын енгізуге ұсыныс білдірдік,-деді Саясат Нұрбек.
Жаңа форматта студент алдымен колледжде нақты мамандықты меңгереді. Кейін университетте модульдік жүйе арқылы білімін жалғастырып, бакалавриат пен магистратураны аяқтай алады.
Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, алдағы уақытта жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі одан әрі қысқарады. Сонымен қатар білім беру жүйесі икемдірек әрі гибридті форматқа көшеді.



