Жаңалықтар
Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 азамат тұрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Құрылтай, Курылтай, Курултай және Курлтай есімдерін иеленгендердің 6-ы – ер адам, 4-уі – әйел.
Олардың төртеуі Шығыс Қазақстан облысында тұрады. Екі адам Алматыда, ал Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір-бір адамнан бар.
Есімді иеленгендердің жартысы – 65 жастан асқан азаматтар. Ең үлкені 80 жаста. Ал қалғандары 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығында.



