Жаңалықтар

Өскеменде ашық аспан астында концерт өтеді

Өскемен тұрғындары мен қонақтарын қала күніне орай ұйымдастырылатын ерекше музыкалық кеш күтеді.

Облыстық драма және оперетта театрының ұйымдастыруымен өтетін ашық аспан астындағы концертте театрдың оркестрі, хоры мен балет ұжымы өнер көрсетеді.

Кеш бағдарламасында классикалық музыка, көпшілікке танымал әуендер, вокалдық және хореографиялық қойылымдар ұсынылады.

Концерт 20 тамыз күні сағат 19:30-да Тоқтаров көшесі, 47А мекенжайында өтеді. Кіру тегін.

Музыка мен өнерді тамашалағысы келетін қала тұрғындарын ашық аспан астындағы концертке шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button